13 сәуір 2021 | 17:46

Алматыда жаңа жолайрық салынады - әкімдік

Алматыда тағы бір жолайрық салынады. Қалалық әкімдікте жобаның автокөлік жүргізушілері үшін маңызы түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тағы бір жолайрық салынады. Қалалық әкімдікте жобаның автокөлік жүргізушілері үшін маңызы түсіндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі жаңа жолайрық Мөңке би мен Саин көшелері қиылысында салынатынын хабарлады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжат дайын. Жол құрылысы биыл басталады. 

"Бұл көшелер (Мөңке би мен Саин - ескерт. авт.) Үлкен Алматы айналма автожолына шығатын радиалды жолдар. Сондықтан оған шығатын екі үлкен магистральда көлік жүктемесі болмас үшін жолайрық салу жоспарланды", - деді қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Саин көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған еді. 2022 жылдың желтоқсанына қарай жол ұзарады. Бұл басқа көшелердегі кептелісті азайту үшін. Онда алты жолақты жол салу жоспарланып отыр. Әр бағытқа үш жолақ.

Саин көшесінің картсы

Сондай-ақ, екі жолақты жергілікті өтпе жолдар құрылысы жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін (бұрынғы Ақын Сара көшесі) жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары орнатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная