23 желтоқсан 2021 | 08:53

Алматыда Жаңа жылда қар жаумайды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Желтоқсанда ауа райы қандай болады және Алматыға қашан қар жауады? Осы сұрақтарға "Қазгидромет" РМК синоптиктері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желтоқсанда ауа райы қандай болады және Алматыға қашан қар жауады? Осы сұрақтарға "Қазгидромет" РМК синоптиктері жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі аптада Алматыда ауа температурасы 10 градусқа дейін көтерілді. Қала тұрғындары ауа райын көктеммен салыстырады. Алайда Алматыдағы Қазгидрометтің метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Қисебаев мұндай ауа райын аномал деп атауға болмайтынын мәлімдеді.

"Желтоқсан үшін бұл аномал температура емес, кей жылдары күндізгі температура +16...+18 градусқа жетті. Жылы және суық желтоқсандар 5 жылдан 10 жыл аралығында қайталанады. Бес-он жылда бір рет қалада және оның төңірегінде синоптикалық жағдай қайталануы мүмкін", - деп мәлімдеді Дәулет Қисебаев.

Реклама
Реклама

Алматыда нағыз қысқы ауа райы жақында келмейді. Жаңа жылды алматылықтарға қарсыз қарсы алуға тура келеді. Синоптиктердің болжамынша, қар 2022 жылы қаңтардың бірінші онкүндігінде ғана жауады.

"Қазір 1 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін жауын-шашын мөлшері 42 миллиметрде тек 3,6 миллиметр ғана жауған, яғни бұл нормадан төмен. Желтоқсанда жалпы нормадан төмен болды. Болжамға сәйкес, 27, 28 желтоқсанда жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Қалған күндері жауын-шашынсыз болады", - деді Алматы филиалының жетекші инженер-синоптигі Баян Қанаева.

Синоптиктердің болжамынша, жағдай келесі жылдың қаңтарында өзгереді, нормадан артық жауын-шашын болуы мүмкін.

"Жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, қалыпты жағдай - 33 миллиметр. Қаңтардың бірінші онкүндігінде түнде 3-8 градус аяз, күндіз 9 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі. Онкүндіктің соңында температураның аздап төмендеуі байқалады, түнде 8-ден 13 градусқа дейін, күндіз 1 градус аяздан 4 градусқа дейін болады. Екінші онкүндікте температура одан әрі төмендейді. Түнде 15 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін болады. Үшінші онкүндікте температура аздап көтеріліп, түнде 12 градус аязға дейін, күндіз 4-9 градусқа дейін жылы болады. Ай бойы температура өзгереді", - деп толықтырды синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram