Алматыда жаңа көпір ашылды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданына қарасты Кемел шағынауданында көпір құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу ауданына қарасты Кемел шағынауданында көпір құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, жаңа көпірдің ұзындығы 33 метр, ал ені 8,5 метрден 14,5 метрге дейін ұлғайтылған. Жолдың екі жағында әрқайсы 1,5 метрлік жаяу жүргінші жолдары жабдықталған.

Жұмыстың бірінші кезеңінде ескі көпірді бұзу, инженерлік желілерді қайта құру және бұрғылау әдісімен салынған қадаларды орнату жүзеге асырылды.

Екінші кезеңге өзен арнасын нығайту және аумақты абаттандыру, соның ішінде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жұмыстарды айдың аяғына дейін аяқтау жоспарланғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная