26 наурыз 2020 | 09:08

Алматыда жаңа режим енгізілді

Фото: Әлихан Сариев

Алматыда жаңа режим енгізілді. Бүгіннен бастап қаладағы негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаңа режим енгізілді. Бүгіннен бастап қаладағы негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Реклама
Реклама

"Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу - жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады", - дейді әкім.

Сағынтаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастырып жатыр.

"Бүгіннен бастап қоғамдық көлік қозғалысының кестесін сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қысқартамыз. Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылды. Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды", - деп жазды Алматы әкімі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная