21 желтоқсан 2020 | 13:23

Алматыда жаңа сауда және ойын-сауық орталығын салу үшін ағаштар кесілді: ешкім жазаланбайтын болды

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жасыл экономика басқармасының тапсырысымен Құлжа тасжолында жаңа сауда және ойын-сауық орталығы салынып жатқан ЖШС-ға қатысты талап-арызды қабылдамады. 11 мыңнан аса ағашты кескені үшін ешкім жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жасыл экономика басқармасының тапсырысымен Құлжа тасжолында жаңа сауда және ойын-сауық орталығы салынып жатқан ЖШС-ға қатысты талап-арызды қабылдамады. 11 мыңнан аса ағашты кескені үшін ешкім жазаланбайтын болды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Дереккөз мәліметінше, 2020 жылдың ақпанында қоғам белсенділері Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысында, сауда және ойын-сауық орталығы құрылысы учаскесінде жаппай ағаш кесілгені туралы хабарлады.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Жасыл экономика басқармасындағылар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берді.

20 желтоқсанда Алматы МАЭС судьясы Динара Шарғынованың шешімімен компанияға 11 049 ағашты кесуді заңсыз деп тану туралы талап арызда әкімдікке өтемдік отырғызудан бас тартылды.

"Сот, біріншіден, жауапкердің іс-әрекетінің заңсыздығы фактісі қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен анықталуға жатады деп санайды. Сонымен қатар, Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің 2020 жылғы қыркүйектегі қаулысымен сотталушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Бұдан басқа, 11 049 ағаш өскен алқап жауапкер тарапының жер учаскесінен төрт есе артық. Соңғы түгендеу 2018 жылы жүргізілген, бірақ түгендеу жүргізілгеннен кейін талапкер тарап жауапкердің учаскесіндегі жасыл желектерді есептеудің дұрыстығына тексеру жүргізбеді", - деді судья.

Осы негізде сот талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдады. Соттың шешіміне бір ай ішінде апелляциялық шағым немесе прокурордың өтінішхаты берілуі мүмкін екені айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная