09 желтоқсан 2020 | 16:08

Алматыда жаңа шектеулер енгізілді

© Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі. Мұндай шешім вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және қаладағы 70-тен аса ауруха мен емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуінде қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі. Мұндай шешім вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және қаладағы 70-тен аса ауруха мен емхана бас дәрігерлерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуінде қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиында қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері мен мегаполисте COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мынадай тапсырмалар берді:

Реклама
Реклама

- қызметкерлер саны 15 және одан да көп ұйым қызметкерлерінің 60-80 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;
- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
- қоғамдық тамақтану орындарының, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
- бас санитар дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы сары аймақта орналасқан. Вирус жұқтырғандар саны 0,2 пайызға өсті, таралу коэффициенті 1-ден жоғары.

Жұқтыру ошақтарының ең көбі Бостандық, Алмалы, Әуезов және Медеу аудандарының аумағында орналасқан.

Ақпарат бойынша, өсім себептері мен жұқтыру көздері - қоғамдық орындарға бару, үй, қалалық көлік, жұмыс орны бойынша байланыс, сондай-ақ шет елдерден әкелу.

"Сонымен қатар, ПТР тестілеу құнының төмендеуіне байланысты қалалықтардың өзін-өзі хабарлауы бойынша жүргізілген зерттеулер саны артты, бұл статистикалық деректерде де көрініс табады (пандемия басталғаннан бері Алматыда 668 мың талдау жүргізілді, оның 294,5 мыңында қалалықтар өзі барған)", - делінген хабарламада.

Халық арасында вирус жұқтыруды азайту мақсатында қала әкімшілігі шектеу режимінің сақталуын бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдады.

"Биыл қазаннан бастап 32 мониторингтік топ 518 іс-шара өткізді, оның шеңберінде 4264 нысан қамтылды. 956 нысанда (23 пайыз) талаптарды бұзу деректері анықталды. Шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін 789 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде маска тағу режимін бұзғаны үшін 592 жеке тұлғаға толтырылды. 13 материал сотқа берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная