ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2021 | 14:38
Алматыда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым жоқ - санитарлық қызмет
Карантин ережелерінде жаңажылдық ұжымдық кештерді өткізуге тыйым салынбаған. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байғабылов қолданыстағы карантиндік талаптарда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салынбағанын, бірақ шектеулер болатынын, мекеме қызметкерлері Ashyq-та "жасыл" мәртебеге ие болуы керек екенін ескертті.
Сондай-ақ сол сәтте Алматының қай "аймақта" (жасыл, сары, қызыл) орналасқанына байланысты қатысушылар санына шектеулер қойылады.
"жасыл" аймақта - 50 пайызға дейін, 100 орыннан көп емес;
"сары" аймақта - 50 пайызға дейін, 70 орыннан аспау керек;
"қызыл" аймақта - 50 пайызға дейін, 50 орыннан аспау керек.
Мегаполис тұрғындарына рұқсат эпидемиологиялық жағдайға байланысты беріледі. Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша жағдай нашарласа, Ashyq нысандарының жұмыс уақытында карантиндік шаралар күшейтіліп, жаңажылдық корпоративтік кештер мен басқа да іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также