08 қазан 2024 | 12:22

Алматыда Жансүгіров көшесінің бірнеше учаскесі уақытша жабылады

Фото:depositphotos.com

Жансүгіров көшесінің учаскелеріне орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жансүгіров көшесінің учаскелеріне орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 10 қазанда сағат 23:00-ден 11: 00-ге дейін Ақпаев көшесінен Крамский көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Айналма жол Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдары бойынша қамтамасыз етіледі.

9 қазан сағат 23:00-ден 11 қазан сағат 11:00-ге дейін Крамской көшесінен Тихов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин көшесі арқылы айналып өтуге болады.

Реклама
Реклама

10 қазан сағат 23:00-ден 12 қазан сағат 11:00-ге дейін Тихов көшесінен Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Рудаки көшесі арқылы айналып өтуге болады.

11 қазан сағат 23:00-ден 13 қазан сағат 11:00-ге дейін Котельников көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин, Котельников көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жүретін жолын алдын ала жоспарлау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram