08 қараша 2021 | 14:01

Алматыда жаппай ревакцинация қашан басталады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша айының соңында басталатынын орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коронавирусқа қарсы ревакцинация қараша айының соңында басталатынын орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір қалада ресейлік Sputnik V, қазақстандық QazVac және қытайлық Vero Cell вакциналарымен тұрғындарды қайта вакцинациялау жоспары тұр.

"Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация дегеніміз - адамдардың екпенің бірінші және екінші бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші - күшейткіш дозасы салынады. Бұны ревакцинация деп атаймыз", - деді Ибрагимова.

Реклама
Реклама

Ол вакцинация немесе ревакцинация алдында антиденелер тапсыратын сынақ жоқ екенін айтты.

"Егер сіз бұл сынақты өз бетіңізше тапсырғыңыз келсе, оны өз қалауыңыз бойынша жасай аласыз. Бірақ бұл медицина тарапынан немесе вакцинациядан бас тартуға себеп емес. Себебі, ревакцинация үшін антиденелердің деңгейі маңызды емес", - деді Ибрагимова.

Ол егер пациент өз бетінше сынақтан өтіп, антиденелердің жоғары титрі болса, кейін ол өз қалауы бойынша ревакцинациядан өтуі мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ, Эльвира Ибрагимова азаматтарға қабылданған алғашқы екі дозадан басқа препаратпен қайта вакцинациялауды ұсынды.

"Бүгінде бізде вакцинаның екі түрі бар: векторлық және инактивтендірілген. Sputnik V - векторлық вакцина, ал қалғандарының барлығы инактивацияланған. Векторлық вакцина алған адамдарға тоғыз айдан кейін белсенді емес вакцинаны, яғни Vero Cell мен QazVac алуды ұсынамыз. Ал кез келген инактивацияланған вакцинаны алғандарға біз алты айдан кейін Sputnik V векторлық вакцинаны алуды ұсынамыз", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная