Алматыда жарты жыл бұрын жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы қыркүйекте Алматыда жоғалып кеткен ер адам тірі және аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы, 1983 жылы туған, 2024 жылғы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетысу-2 шағынауданы, 50-үй мекенжайынан шығып кеткеннен кейін байланыс үзілген.

Сыртқы белгілері: бойы – 165-170 см, орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр, мойнында тыртық бар.

Реклама
Реклама

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған ер адамды 2025 жылдың 3 сәуірінде полицейлер Алматы облысы аумағынан тапқан. Іске қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама