11 қараша 2022 | 09:41

Алматыда жарылған жылу магистралі қалпына келтірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу трассасында болған апат салдары жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу трассасында болған апат салдары жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 миллиметр құбырды қалпына келтірді. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілген және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілген. Қазір белгіленген режимде жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Асфальт жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда биыл 13 қарашаға дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Оқыс жағдай туындаса (су, бу шығарындылары) +7-727-378-06-65 телефоны бойынша "АлТС" ЖШС апаттық-диспетчерлік хабарласуды әрі өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы хабарлауды сұраймыз", - делінген Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная