07 маусым 2024 | 09:39

Алматыда жасөспірімдер көлік тізгіндеп, қауіпті маневр жасағандарын видеоға түсіріп алған

видео кадры

Алматыда 16 жастағы жасөспірімдер Mercedes-Benz көлігімен қаланы аралап, қауіпті маневр жасап, оны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dorpat.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 16 жастағы жасөспірімдер Mercedes-Benz көлігімен қаланы аралап, қауіпті маневр жасап, оны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dorpat.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде жүргізушінің қасында отырған 10-сынып оқушысы әдепсіз балағат сөздер айтып, адамды "басып өт" деп айғайлағаны естіледі.

"Біздің болжамымызша, оның анасы ұлының не істеп жүргенін біледі. Ата-аналар ұлдарын тәрбиелеудегі өз міндеттерін атқаруы үшін қаншама бейкүнә бала өлуі керек", - деп жазылған жазбада.

Реклама
Реклама

Полицейлер видеоға түсіп қалған 16 жастағы құқық бұзушыларды анықтаған. Олардың ата-аналары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Көлік құралын басқару дерегі бойынша көлік құралын тізгіндеу құқығы жоқ адамдар, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады: ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram