ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2022 | 18:00
Алматыда жастар форумында түсірілген видеолар жарияланды
Алматыда өткен "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" форумынан видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда өткен "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" форумынан видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, форумда қазақстандық жастар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтқан саяси реформалар бағдарламасын қолдады.
Іс-шара "Алматы Арена" алаңында өтті.
Желіде тараған видеода жиналғандар Қазақстан жалауын желбіретіп тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, жастар танымал актер Рустем Омаровпен бірге "Тіздің Президент - тигр" деп айғайлайды.
Тағы бір видеода жастар әртістермен бірге Dr. Dre музыкасына Қазақстан туралы рэп оқиды.
Фестиваль-концерттің бастамашылары мен демеушілері бизнесмен, меценат Сырымбек Тау және оның жолдастары болғаны хабарланды. "Жаңа Қазақстан" қозғалысын шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Құлымбет, G-38 студенттер қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров және басқалар қолдады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында "Біздің мұратымыз - Жаңа Қазақстанды құру" деген болатын.
"Жаңа Қазақстан дегеніміз - егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз.
Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын" - деді Президент.
16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері "Жаңа Қазақстан" қоғамдық жастар қозғалысы құрылғанын жариялады. Бұл ұйым, қозғалыс бастамашыларының айтуынша, тек Алматыда емес, өңірлерде де ЖОО студенттерімен жұмыс істейді. Осының құрметіне "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" ферсивалі ұйымдастырылғаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также