14 қараша 2023 | 17:56

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлері соққыға жығылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Оларға алғашында көмек сұрап жүгінген ер адам шабуыл жасаған.

Реклама
Реклама

"Кезекті қоңыраудан қайтып келе жатқан кезде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне жақындап, әйелге көмек көрсетуді өтінген. Әйелді қарау кезінде ер адам дәрігер мен фельдшерді ұрып, олардың денсаулығына зиян келтірген", - делінген Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы ПБ заңсыз әрекетке барған тұлғаға қатысты процессуалдық шешім қабылдау сатысында.

"Бүгінде зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық, олар амбулаторлық ем алып жатыр", - деп қосты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная