Алматыда желшешек жұқтырған балалар саны көбейген

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда әсіресе балалар арасында желшешек ауруының көбеюі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда әсіресе балалар арасында желшешек ауруының көбеюі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың тоғыз айында ауру көрсеткіші 38,8 пайызға өскен. Осы кезеңде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі 183 бала ауруханаға жатқызылған, ал асқынған жағдайлар саны былтырмен салыстырғанда 40,9 пайызға артқан.

Асқынулардың ішінде орталық жүйке жүйесі мен тыныс алу жолдарының зақымдануы тіркелген. Ауырғандардың 60 пайыздан астамы мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалар.

Реклама
Реклама

Айта кетсек, желшешекке қарсы вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, ұжымдық иммунитет тек ауруды бастан өткергендердің есебінен қалыптасады.

Шешек ауруының өсуі республика бойынша да байқалып отырғаны айтылды. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дерегінше, биыл Қазақстанда шешек ауруының 30 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 85 пайызы, яғни 25 815 адам 14 жасқа дейінгі балалар.

Былтыр 22 607 науқас анықталған болатын. Аурушаңдық өсімі — 32 пайыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама