14 сәуір 2022 16:28

Алматыда жер бағасы бұрынғыдай ойға қонымсыз емес - Досаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыдағы жер телімдерінің нарықтық құны бұрынғыдай ойға қонымсыз емес. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жер телімдерінің нарықтық құны бұрынғыдай ойға қонымсыз емес. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиында тұрғындардың бірі мегаполис басшысынан, жекеменшік жер телімдерін сатып алу тәртібін сұрады.

"Мектеп, балабақша, емхана секілді әлеуметтік мұқтаждықтарды өтеу үшін жекеменшік жерді алатын жағдайда, бұл жер иелеріне қашан және қалай хабарланады", - деп Алматы әкіміне сұрақ қойылды.

Реклама
Реклама

Бұған жауап берген Досаев, әкімдік жер телімдерін талапқа, заңға сай алатынын айтты.

"Қазіргі ережелерге сәйкес, жерді алу әлдеқайда қымбат. Себебі біз учаскелерді нарықтық құны бойынша сатып аламыз. Ал қазір жердің нарықтағы құны бұрынғыдай емес.

Әрине, қалада емхана, балабақша салу үшін жер учаскелерін сатып аламыз. Мен жұмыс істеген уақыт ішінде жер иелеріне нарықтағы бағамен есептестік", - деді Алматы әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram