26 қаңтар 2024 17:45

Алматыда жер сілкінісі туралы жалған хабарлама авторы ұсталды

Фото:depositphotos.com

Алматы полициясы жер сілкінісі туралы жалған хабарлама таратқан автор ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы жер сілкінісі туралы жалған хабарлама таратқан автор ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бір күн бұрын тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратты деген күдікпен әйелді ұстаған.

"Қоғамда, әлеуметтік желілерде негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлама авторларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде авторлардың бірі - 1995 жылы туған әйел анықталды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді полиция Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.

"Осыған байланысты азаматтарды дереккөзі күмәнді болуы мүмкін жалған ақпараттың қайталануына ықпал етпеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырамыз", - деп толықтырды ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram