02 тамыз 2022 10:57

Алматыда жетінші қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарған студент марапатталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Алматыда баланы биіктіктен құлай жаздаған баланы құтқарған студент марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда баланы биіктіктен құлай жаздаған баланы құтқарған студент марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, министр Юрий Ильиннің бұйрығы бойынша Алматыда Абай атындағы педагогикалық университеті дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд марапатталған. Ол баланы аман алып қалғаны үшін "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Реклама
Реклама

"Алматыда салтанатты түрде ұжымның қатысуымен министрдің атынан марапатты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаев табыс етті. Руслан Қасыбаев Ерасылдың ата-анасына ұлына лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанда осындай балалар барда аға буын еліміздің болашағына сенімді бола алатынын айтты", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Еске салайық, 21 шілдеде Махмұд Ерасыл 67 жастағы Ермекбай Тамабаевтың өтінішін жерге қалдырмаған. Көпқабатты үйдің жетінші қабатында бала баспалдақтың қоршауында қысылып қалған. Бар күшімен темір тордан ұстап тұрған кішкентай баланы Ерасыл ұстап, аман алып қалды.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram