Алматыда Жириновскийге ескерткіш тақта орнату ұсынылды

Алматыда Жириновскийге ескерткіш тақта орнату ұсынылды Алматыдағы Масанчи көшесіндегі Владимир Жириновский дүниеге келіп, балалық шағын өткізген үй. Фото: 2gis

Ресей Мемлекеттік думасындағы ЛДПР фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Леонов Қазақстанға жұмыс сапары барысында ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің Алматыдағы туып-өскен үйге барды. Парламентші бұл ғимараттың қасбетіне мемориалдық тақта орнатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Петербургский Дневник" басылымына сілтеме жасап.

"Бұл үйге Владимир Вольфович Жириновскийдің туғанына 80 жыл толар мерейтой қарсаңында келгенімнің өзіндік мәні бар. Әрине, ғимараттың қасбетіне ұлы ресейлік саясаткердің осы жерде дүниеге келгенін көрсететін естелік тақта орнатылса, құба-құп болар еді. Сонда бұл тарихи үй туралы білетіндер көбейіп, жұрт саясаткердің өмір жолымен жақынырақ таныса түсер еді", - деді Леонов.

2025 жылы бірқатар ресейлік БАҚ-та 2026 жылы Алматыда Жириновскийге ескерткіш ашылатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Алматы қаласының мәдениет басқармасы сол кезде Tengrinews.kz сауалына берген жауабында Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініштер түспегенін мәлімдеген еді.

Владимир Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда көпбалалы отбасында дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ-дың Шығыс тілдері факультетін "түрік тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Марксизм-ленинизм университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алған.

Жириновский Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төменгі палатасы құрылған күннен бастап, өмірінің аяғына дейін (2022 жылғы 6 сәуір) сегіз шақырылым депутаты және Мемлекеттік думадағы ЛДПР фракциясының жетекшісі болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама