Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы студент қыз табылды

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы Тамина Эльдарова табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы хабарлады.

Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы Тамина Эльдарова табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың анасы хабарлады.

"Қызым табылды. Бірақ оны әлі көрген жоқпын, оған енді бара жатырмын. Барлығы дұрыс", - дейді әйел.


Азиз Мамедов жолдаған сурет

Реклама
Реклама

Қыздың жігіті Азиз Мамедовтың айтуынша, ол Таминаны соңғы рет Горный Гигант жақтан Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің корпусы жақтан көрген екен. Айта кетейік, қыз 1-курста оқиды. 

Ал Таминаның құрбыларының айтуынша, ол корпустан шамамен сағат 14.00-де шығып кетіп, сол күйі үйіне бармаған.

"12 ақпанда оны университетке дейін шығарып салдым, оқу біткен соң өзі шығып кеткен. Үйге сол күйі бармады. Медеу аудандық ІІБ-не өтініш қалдырдық. Уайымдап жатырмын (...)", - деген еді Азиз Мамедов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама