20 сәуір 2024 09:50

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылғы екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылғы екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

Ерекшеліктері: орта денелі, қысқа қара-қоңыр шашты, қоңыр көзді.

Реклама
Реклама

Үстінде сұр джемпер, көк джинсы шалбар және ақ кроссовка киген.

1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурызда жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшамауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен.

Белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қысқа қара, көзі қоңыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram