Алматыда жол белгілері мен бағдаршамдар қалпына келтіріліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Алматыда жол белгілері мен бағдаршамдар қалпына келтіріліп жатыр

Алматы қалалық штабы шабуыл кезінде қираған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық штабы шабуыл кезінде қираған жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшелерді бағалау қорытындысы бойынша, Алматыда екі мың орында жолға төселген тастар бөлшектелгені анықталды. "Алматы Арена", Республика алаңы, Назарбаев даңғылы, Достық, Сәтбаев көшелері бүлінген. Қазір оқиға салдарын жоюға 80 жұмысшы, 30 арнайы техника шығарылған.

Сондай-ақ, 120-дан аса жол белгілері бүлінген. Олардың 80-і қалпына келтірілді. Қалада қираған бағдаршамдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бүлінген 40 бағдаршамның 15-і 9 қаңтарда қалпына келтірілді. 10 қаңтарда 7 бағдаршамға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама