09 маусым 2023 09:10

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Иллюстрациялық фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 маусымда пойыздар жүруге дайындалып жатқан Алматы-2 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде пойыз вагонының дөңгелегі ығысқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болмаған.

"Тағы бір пойыз жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - деді ҚТЖ өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram