ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2022 | 17:35
Алматыда жолайрық құрылысына байланысты бір көше жабылады
Алматыда Мөңке би көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Мөңке би көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, "Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мөңке би көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына келесі өзгерістер енгізіледі:
- 2022 жылғы 1 қазан сағат 22-00-ден 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.
- Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағыттарда Ақын Сара және Момышұлы көшелері, айналма жол арқылы жүзеге асырылады.
- Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.
"Жұмыстар жол-құрылыс жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также