ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2024 | 09:20
Алматыда жолда болған тосын оқиға видеоға түсіп қалды
Алматыда Toyota Prado жүргізушісі Toyota Camry жүргізушісінің жолын кесіп, артынша оны соққыға жыққан. Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнетіркегішке түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дорожный патруль" мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Toyota Prado жүргізушісі Toyota Camry жүргізушісінің жолын кесіп, артынша оны соққыға жыққан. Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнетіркегішке түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дорожный патруль" мәліметіне сілтеме жасап.
"Toyota Camry жүргізушісі жолын кескен Toyota Prado жүргізушісіне сигнал берген, бұл оған ұнамаған болса керек. Prado жүргізушісі қайта-қайта төтенше жағдай жасап, Camry жүргізушісінің жолын жауып, кейін жолдың шетіне тоқтайды. Camry жүргізушісі көліктен түсіп, Prado жүргізушісіне қолын созғаны сол еді, ол бірнеше соққы жасап, оны жерге құлатады", - делінген видеоның сипаттамасында.
@dorpat.kz В Алматы вечером 4 июня водитель Toyota Camry посигналил подрезавшему его водителю Toyota LC Prado, что последнему не понравилось. Водитель Prado видимо обиделся и создавая неоднократно аварийные ситуации преградил путь водителю Camry, который остановился и подошел к водителю Prado протянув руку поздороваться, но в ответ получил шквал ударов с оскорблениями. Водитель Camry ранее имел перелом шейного позвонка и после побоев чувствует себя не важно. За побои, водителя Prado могут привлечь к уголовной ответственности. За нарушение дважды статьи 606 КоАП РК водителю грозит лишение прав на пол года. Материал нами будет направлен в ДП Алматы, о результатах проверки и принятых мерах сообщим.
♬ оригинальный звук - Дорожный патруль - Dorpat.kz
Сондай-ақ, Camry жүргізушісінің бұған дейін мойын омыртқасы сынғаны және соққыдан кейін ауырсыну пайда болғаны айтылған.
"Prado жүргізушісі адамды ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабын екі рет бұзғаны үшін жүргізушіге алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төнуі мүмкін, сондай-ақ ол басқа да заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін", - делінген сипаттамада.
Жазба авторлары видеоны Алматы полиция департаментіне жіберуге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также