ПОДЕЛИТЬСЯ
17 сәуір 2023 | 16:32
Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі жарияланды
Биыл Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Биыл Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдк мәліметінше, қаланың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшесі орташа жөндеуден өтеді. Бұған қалалық бюджеттен 2,8 миллиард теңге бөлінген.
Тізімді мына жерден көруге болады.
Әкімдік бұл көшелерге люктерді көтеру, шұңқырларды бітеу, жарықтарды жабу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.
Бұл жұмыс мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін басталады.
"Магистральды көшелерді орташа жөндеу тамыз айының соңына дейін аяқталады, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Ағымдағы жөндеумен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарға енген. 30 шақырым тротуар мен 40 аялдама жөнделеді", делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также