ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2020 | 15:03
Алматыда ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт өсті
Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық басқару департаменті ЖРВИ жұқтыру дерегінің өсуі байқалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық басқару департаменті ЖРВИ жұқтыру дерегінің өсуі байқалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ЖРВИ және тұмау секілді маусымдық аурулардың өршуіне байланысты қиындаған. Өткен жылмен салыстырғандажіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурулар 2,2 есе өскен.
"Барлық топтағы адамдардың коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп келе жатқаны алаңдатып отыр. Науқастардың саны 22 қазаннан бері күрт өсті. Кейінгі тәуліктің өзінде коронавирус жұқтырған 77 адам анықталды.
Бұл адамдар көп жиналатын орындағы эпидемиологиялық процестің белсенді болуына байланысты. Эпидтергеу нәтижесінде вирус жұқтырудың 53 пайызы қоғамдық көлікте, 23 пайызы үй жағдайында, 17 пайызы қоғамдық пайдалану орындарында болатыны анықталды", - дейді ведомство өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также