16 ақпан 2021 | 17:45

Алматыда жүк көлігі қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін

© Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жүк көліктерінің ауаға зиян қалдықтарын азайту жөнінде қандай қосымша шаралар жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Facebook-тегі парақшасында қоршаған ортаға түсетін техногендік жүктемені азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты.

"Қоршаған ортаға техногенді жүктемені азайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Қоғамдық және коммуналдық автопарктерді экологиялық таза отынға ауыстыру жұмысымен қатар транзиттік жүк көліктерінің қозғалысын шектеу мүмкіндігін де зерделейміз. Жүргізілген мониторинг бойынша қалаға тәулігіне 17 мыңнан аса жүк көлігі кіретінін көрсетті", - деп жазды мегаполис әкімі.

Реклама
Реклама

Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Полиция департаменті мен Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ көлік пен коммуникация ҒЗИ мамандары тартылды. Қазіргі уақытта ластаушы қалдықтың көлемі, маршрутты әзірлеу мен өткізу қабілетін есептеу бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде мегаполистің экологиясы жақсарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная