Алматыда жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, 2 жеңіл көлікті соқты

Алматыда жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, 2 жеңіл көлікті соқты Tengrinews.kz оқырманынан

Алматыда жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, жол апатын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, жол апатын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға оқырман оқиға орнынан фото жолдады. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 25 желтоқсанда таңертең Рысқұлов даңғылында болған. Жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Оқырман жіберген сурет

Реклама
Реклама

Қалалық ПД мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсанда таңертең Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында болған.

"Ауыр жүк көлігінің тіркемесі шығып кетіп, екі көлікке соқтығысты, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Алатау аудандық полиция басқармасы қызметкерлері анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама