10 маусым 2014 14:31

Алматыда жұмысшы лифт шахтасына құлап мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото almaty.all.biz сайтынан алынды Фото almaty.all.biz сайтынан алынды

Алматыда "Алматылифт" ЖШС жұмысшысы лифт шахтасынан құлап, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың ТЖМ сілтеме жасап. 


Алматыда "Алматылифт" ЖШС жұмысшысы лифт шахтасынан құлап, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың ТЖМ сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 9-маусым күні Бостандық ауданындағы "Әл-Фараби" тұрғын үй кешенінде болған. Жаңа салынып жатқан 9 қабатты нысанды тексеріп жүрген "Алматылифт" ЖШС 1977 жылғы жұмысшысы абайсызда лифт шахтасына құлап кеткен.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Алматыда лифт шахтасынан екі жұмысшы құлап кеткен болатын. "Алматылифт" ЖШС бір жәбірленушісі ауруханаға жатқызылып, ал екіншісі бірінші медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети