ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2020 | 16:32
Алматыда жұмысын бастаған кәсіпорындардың тізімі шықты
Алматыда 20 сәуірден бастап өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс нысандары және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін бір ХҚКО жұмыс істейді. Қала әкімдігі компаниялардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс істей бастаған кәсіпорындардың тізімін мына жерден көре аласыз.
Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бұл компаниялар өндірістегі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне тексерістен өткен. Аудитті Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Алматы "Атамекен" АКП қызметкерлері жүргізген.
Бұдан басқа, әкімдіктің хабарлауынша, мемлекеттік комиссия бекіткен бизнес иелері аудиттен өтіп, оң шешім алуына болады.
Еске салайық, Алматыда 19 наурыздан бастап карантин енгізілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также