Алматыда жүрген "кіреукейді" министрлік іздестіріп жатыр

Фото: Instagram

Әлеуметтік желілерде Алматыда кіреукей жүр деген ақпарат тарады. Экология министрлігі жануарды немесе ол туралы хабар таратқан автокөлік иесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматыда кіреукей жүр деген ақпарат тарады. Экология министрлігі жануарды немесе ол туралы хабар таратқан автокөлік иесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы тұрғыны көз алдында жолдан кіреукей жүгіріп өткенін Instagram-да жазды. Жүргізуші бірден көлігін тоқтатып, жолдың арғы бетіндегі бұталарға қашып бара жатқан жануарды суретке түсіріп үлгерген.

Суретке жазылған пікірлер арасында бұл тағы да жалған ақпарат болуы мүмкін деген ойлар бар. 

Реклама
Реклама

Экология министрлігінің баспасөз қызметі өкілі жарияланымға түсініктеме берді.

"Кіреукей (Cingulata) сүтқоректілерге жатады.​ Өмір сүру орны - Оңтүстік және Солтүстік Америка. ​​Бұл жануар Қазақстанда тіршілік етпейді.​ Әлеуметтік желілерде жарияланған материал бойынша жазбаның дұрыстығын анықтау үшін мониторинг жүргізіледі", - деп хабарлады министрлік өкілі. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама