05 қазан 2021 | 13:38

Алматыда жүргізушілерге қысқы дөңгелек салуға кеңес берілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Әкімдік Алматыдағы көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әкімдік Алматыдағы көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

"Құрметті қала тұрғындары! 5-6 қазан аралығында Алматы қаласында ауа температурасы 0+4 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деген болжам бар. Осыған байланысты автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, автокөлік иелеріне белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, күрт тежеуге жүгінбеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береді. 

Реклама
Реклама

Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуға кеңес берілді.

"Өз қауіпсіздігіміздің мүддесі үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлесуді тоқтатуға кеңес береміз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!"- делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная