Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды Фото: Әлеуметтік желілерден

Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жұрт актер Мұрат Бисембинді ақтық сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда белгілі қазақстандық актер Мұрат Бисембинмен қоштасу рәсімі өтті. Ол 9 қаңтарда қаланың Орталық мешітінде ұйымдастырылып, жүздеген адам жиналды.

Сурет: Болат Айтмолда

Реклама
Реклама

Қоштасу рәсімі таңғы сағат 10:00-ге жоспарланғанымен, мешіт маңына адамдар ерте жинала бастады. Таңнан бастап бұл аумақта адам қарасы көп. Көлік қою қиынға соққандықтан, көпшілік көліктерін алысқа қалдырып, жаяу келген.

Сурет: Бахытжан Мұратбеков

Суық ауа райына қарамастан, жиналғандар сабыр сақтап, актер туралы естеліктерін бөлісті.

Қоштасу рәсіміне өнер адамдары, әріптестер, музыканттар мен әншілер ғана емес, қарапайым алматылықтар да қатысты. Олардың көпшілігі актермен жеке таныс болмаса да, оның сомдаған рөлдері өмірлерінде із қалдырғанын айтып, құрмет көрсету үшін келгендерін жеткізді.

Еске салайық, танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембин 8 қаңтарда өмірден өтті. Бұған дейін актердің ұйқы безі қатерлі ісігіне шалдыққаны айтылған еді.

Мұрат Бисембин 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша политехникалық институтты тәмамдаған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін танымалдылыққа ие болған. Ол үйленген, үш баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама