ПОДЕЛИТЬСЯ
22 тамыз 2023 | 17:00
Алматыда жүздеген мопед жүргізушісі жиналды
Алматыда жүздеген мопед жүргізушісі жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жүздеген мопед жүргізушісі жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған мопед жүргізушісі түнде кетіп бара жатқанын көруге болады. Бастапқыда олар гипермаркет тұрағына жиналған, кейін полиция көлігі келген соң кетуге асыққан. Әрі қарай кадрлардан мопедтер мегаполис көшелерімен кетіп бара жатқаны көрінеді.
Видео сипаттамасында бұл 20 тамызда болғаны және кездесуге 390-ға жуық мопед жүргізушісі келгені айтылған.
Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Олар 20 тамызда шынымен де көптеген мопед жүргізушісі ұсталғанын растады. Ведомство толығырақ ақпаратты сәл кейінірек беруге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также