14 қазан 2023 | 12:35

Алматыда жыл басынан бері қанша адам екпе алды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жыл басынан бері жұқпалы ауруларға қарсы екпе алғандар саны мен мерзімі туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қалыкова Massaget.kz тілшісіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері жұқпалы ауруларға қарсы екпе алғандар саны мен мерзімі туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсел Қалыкова Massaget.kz тілшісіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала бойынша 9 айда қызылшаға қарсы науқаспен қарым-қатынаста болған 477 адам егілген.

"Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы біріншісін 27 814 бала, екіншісін 30 995 бала алды. Оның ішінде 1 жастағы 23 595 бала және 6 жастағы 24 036 бала бар. Ал вакцинамен басқарылатын жұқпалы инфекцияларға қарсы 259 294 адамға екпе жасалды", - деді Әсел Қалыкова.

Реклама
Реклама

Осы уақытқа дейін профилактикалық екпелерден 1765 адам бас тартқан.

"Дені сау жаңа туған нәресте алғашқы 12 сағатта "В вирусты гепатитіне" қарсы және алғашқы 4 күн ішінде туберкулезге қарсы егілуге тиіс. 1 жасқа дейінгі бала тұрғылықты жері бойынша емханада көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, В вирусты гепатитіне, гемофильді және пневмококк инфекцияларына қарсы, 1 жасында қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, полиомиелитке және пневмококк инфекциясына қарсы, 1 жарым жасында көкжөтелге, сіреспеге, дифтерияға, полиомиелитке, гемофильді инфекцияларына қарсы егіледі. Оның айтуынша, тұрақты иммунитетті сақтау үшін бала 6 жасында қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке және сіреспе, көкжөтел, дифтерияға қарсы қайта егіледі", - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Ал 16 жастан бастап барлық ересектер сіреспеге, дифтерияға қарсы әрбір 10 жыл сайын тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық емханаларда егіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная