29 мамыр 2020 | 12:24

Алматыда жыл басынан бері заңсыз жұмыс істеген 48 ойын залы әшкере болды

Алматыда жыл басынан бері 48 заңсыз ойын залы әшкере болған , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жыл басынан бері 48 заңсыз ойын залы әшкере болған , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалалық прокуратурасымен бірлесе Алматы қаласындағы заңсыз ойын залдарын анықтау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама

"Жыл басынан бері 48 заңсыз ойын залдары анықталды (оның 8 ойын залдары, 1 астыртын ойынхана), көлеңкелі айналымнан 100 ойын терминалдары және 216 компьютер тәркіленді, жалпы 28 қылмыстық іс қозғалды. ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңының 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында электронды және интернет ойынхананың жұмысына тыйым салынған", - делінген хабарламада.

Алайда ағымдағы жылдың 25 мамырында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында заңға қайшы қызмет етіп келген электронды ойынхананың жұмысы анықталды.

Іс-шара барысында электронды ойынхананың ішінен 50 дана компьютер және көлеңкелі айналымнан 210 000 теңгеден асатын ақша тәркіленген.

Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі 2- тармағына сәйкес (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная