10 қыркүйек 2024 | 09:31

Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады? Әкімдік жауабы

Фото:depositphotos.com

Алматылықтар биылғы күзде суық ерте түскеніне шағымданып жатыр. Қала әкімдігі жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар биылғы күзде суық ерте түскеніне шағымданып жатыр. Қала әкімдігі жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бес күн бойына мегаполисте орташа тәуліктік температура плюс 8 градус Цельсий және одан төмен тұрақты болған кезде жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосылу басталады.

Сондай-ақ, ведомствода жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласындағы нысандарды кезең-кезеңімен қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде басталатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Тұтынушылар жылумен жабдықтауға келесі ретпен қосылады:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар", - деп бөлісті мегаполис әкімдігі.

Жылыту маусымының нақты басталу күні әлі белгіленбеген, ол ауа райы жағдайларына және уәкілетті органның шешіміне байланысты болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін Отбасы күні
Орны бөлек оңалту орталығы