Алматыда жылу желілерінің жартысынан астамы тозған - Масабаев
Алматыда жылу желілерінің жартысынан астамы тозған. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Энергия кешенінің жұмысы коммуналдық қызметтерден түсетін ақшаға байланысты. Бұл үлкен ағза сияқты. Ол үнемі жөндеуді талап етеді. Тозған жылу желілерінің үлесі 50 пайыздан асады. Бізде күнде апат болады. Оны күнделікті жойып отыру керек. Бұл - жалақы, жөндеу, керек құрал жабдықтар. Былтыр су құбырындағы сынақтар кезінде 221 зақым келгені анықталды. Ал осы жылы 353 дерек тіркелді. Яғни жылу желілерінің тозуы бұл жағдайға әсер етіп отыр. Өткен жылы су таратқыштарда 311 дерек болды, ал биыл тек қыркүйектің басында 270 дерек тіркелді", - дейді басшы.
Ол жылу желілеріне қатысты барлық мәселе шешілгенін атап өтті. Оның айтуынша, әкімдік 20 қыркүйекке дейін сынақ жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Осылайша, жылу желілерінің жылыту маусымына дайындығы тексеріледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!