02 ақпан 2021 | 16:31

Алматыда жылы күндер қанша уақытқа созылады?

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда ақпан жылы күндерімен басталды. 2 ақпанға қараған түні қалада жаңбыр жауды. Алматыда көктемгі жылу қанша уақытқа созылатынын "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ақпан жылы күндерімен басталды. 2 ақпанға қараған түні қалада жаңбыр жауды. Алматыда көктемгі жылу қанша уақытқа созылатынын "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2 ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіне Иран аумағынан оңтүстік циклондар шығып, жылу келді. Түнде жауын-шашын жаңбыр түрінде болды, бірақ тауларда төмен температура сақталатындықтан қар түсті", - деді "Қазгидромет" РМК Алматы бөлімшесінің инженер-синоптигі Гүлтансын Медеуова.

Реклама
Реклама

2 ақпанда ауа температурасы +10 градусқа дейін барды. Жылдың осы мезгілінде Алматыдағы ең жылы күн саналатын рекорд көрсеткіш +13 градус, ол 2007 жылы болған.

Бұл ретте "Қазгидромет" синоптиктері алматылықтарды 10 ақпанға дейін ғана жылудан ләззаттана алатынын ескертеді. Жаңбыр жаууы да ықтимал.

"Ақпанның екінші онкүндігінде, 15-сі мен 20-сы аралығында температураның төмендеуін күтеміз. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болады", - деді Гүлтансын Медеуова.

Еске салайық, бұдан бұрын "Қазгидромет" өкілдері ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная