06 сәуір 2021 | 09:23

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?

Фото: elements.envato.com

Алматы әкімдігі қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы "Қазгидрометке" сәуірдегі ауа температурасын анықтау үшін сауал жолданатынын хабарлады.

Ведомство жылыту маусымы ауа температурасы тұрақталған кезде ғана өшірілетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Алматы қаласында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 6-тармағы 25-тармақшасына сәйкес күнтізбелік бес күн бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа температурасы +8 градус және одан жоғары болған кезде Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram