28 маусым 2020 11:30

Алматыда кафелердің бірінде карантин режимі бұзылғаны үшін үйлену тойы тоқтатылды

© almaty.tv

27 маусымда Алматыда 100 адамға үйлену тойын жасаған кафе анықталды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 маусымда Алматыда 100 адамға үйлену тойын жасаған кафе анықталды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Нысанды аудан әкімдігінің өкілдері, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, полиция қызметкерлері бар мобильді топ анықтады.

Реклама
Реклама

"Достлық" кафесінің (Саңлақ көшесі 1, Нұршашқан ықшамауданы) иесі жазаланды. Оған әкімшілік хаттама жасалып, іс-шара мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Телеарна Алматыда санитарлық нормалар мен енгізілген шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Еске салайық, 28 маусымдағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырған 3702 адам анықталды. Оның ішінде, 2182 адам аурудан айығып, жалпы 26 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram