ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2019 | 13:22
Алматыда қаланы ластаған жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салына бастады
Алматыда көшелерге құрылыс қоқыстарын шашып, қаланы ластаған жүк көліктерінің жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда көшелерге құрылыс қоқыстарын шашып, қаланы ластаған жүк көліктерінің жүргізушілері жаппай жазаланып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, бұған дейін тәртіп сақшылары мұндай жүк көліктеріне тек ескерту жасап, есіркеп келген еді. Алайда көріктендіру ережесін елемегендер мұндай әрекеттерін тоқтатар емес.
КамАЗ жүргізушілері тиеген қоқыстарын төгетін бұл карьер жергілікті тұрғындардың да құтын қашыратын көрінеді. Минут сайын жүретін жүк көліктері, телеарнаның мәліметінше, маңайдың шаңың шығарып, экология талаптарын сақтамайды екен,
Айта кетсек, жыл басынан бері қаланың абаттандыру заңын бұзғандарға 8,5 миллион теңге айыппұл салынып, оның 3 миллион теңгесі қазынаға өндірілді.
Телеарнадағылардың сөзіне сүйенсек, ережені елемейтін жүргізушілер еткен еңбегімізді еш кетіреді деп шағымданған жергілікті билік өкілдері енді олармен мықтап күресуге бекініп отыр. Енді КамАЗ жүргізушілерін күн сайын тексеруге шығып, көліктерінің артында жабынды болуын міндетті түрде бақылауға алмақ.
Показать комментарии
Читайте также