ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2022 | 16:59
Алматыда қаланың жаңа бренді жасалады
Алматы мен Алматы агломерациясының туристік әлеуетін толық пайдалану қажет. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттары және сарапшылармен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қала билігі туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дамытады, оған: жолаушылар санын екі есеге - жылына 14 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік беретін әуежайдың жаңа терминалын салу, тау шаңғысы демалысы мен экотуризм орталығының құрылысы, сондай-ақ қонақүй қорын кеңейту жұмыстары кіреді.
"Алматыны туристік дестинация ретінде ілгерілету және туристік қызметтердің сапасын арттыру үшін қаланың жаңа бренді - Discover Almaty әзірленеді. Біз 2030 жылға қарай шетелдік туристер ағынын 1 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Алматы әкімі қаланың барлық ауласына бейнекамера орнатуды жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также