23 желтоқсан 2018 | 10:00

Алматыда қамауға алынған қырғызстандық экс-депутат азаматтығынан айырылды

Асылбекұлы Дамирбек. © 24.kg

Алматыда қамауға алынған Дамирбек Асылбекұлы Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап 24.kg таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қамауға алынған Дамирбек Асылбекұлы Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап 24.kg таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басылымның мәліметінше, бұл шешім қазақстандық заңдардың негізінде қабылданған. Егер қос азаматтық анықталса адам ҚР азаматтығынан автоматты түрде айырылады.

Реклама
Реклама

"Ұсталған кезде Дамирбек Асылбекұлында Қазақстан азаматының төлқұжаты болды, ол қазір күшін жойды және ол Қырғызстан азаматы ретінде сотталып жатыр", - деп хабарлады құзырлы органдағылар.

Дамирбек Асылбекұлы трансұлттық қылмыстық ұйымның құрамында болып, экономикалық контрабандамен айналысқан деп айыпталып жатыр.

Ол және Ұланбек Мұрәділов пен Емілбек Кочорбаев Қазақстанда 15-16 ақпанда ұсталды. Қазақстан азаматтығы болған Асылбекұлы Дамирбек басты контрабандист болып есептеледі. Сәуірде қырғызстандық ОСК оны депутаттық мандатынан айырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная