Алматыда қандай тасжолдарды кеңейту жоспарланған?

Алматыда қандай тасжолдарды кеңейту жоспарланған? Фото: depositphotos.com

Оңтүстік астанада Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі Құлжа тасжолын қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Болжам бойынша, бұл учаскенің көлік өткізу қабілетін екі есеге, тәулігіне 80 мың көлікке дейін арттырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жобаның басты мақсаты – Алматының Түрксіб және Медеу аудандарының жол желісіндегі кептеліс деңгейін төмендету және көлік инфрақұрылымын дамыту.

Ведомство бүгінде барлық жұмыстар аяқталғанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

"Бүгінде жол толығымен аяқталды және көлік құралдары үшін қозғалыс ашық. "Алматыны дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға" сәйкес Жандосов, Талғар тасжолы және Шамалған тасжолының магистральдық көшелерін кеңейту көзделген", - деді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама