24 желтоқсан 2021 | 10:28

Алматыда қаңғыбас иттердің тұрғындарға шабуылы жиілеп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Сурет: Pixabay.com

Қаңғыбас иттер алматылықтарға жиі шабуылдай бастады. Жыл басынан бері 3000-ға жуық адам ит шабуылынан зардап шекті. Көпшілігі балалар. Жақында ғана Алғабас ықшамауданында екі оқушыға қаңғыбас ит шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңғыбас иттер алматылықтарға жиі шабуылдай бастады. Жыл басынан бері 3000-ға жуық адам ит шабуылынан зардап шекті. Көпшілігі балалар. Жақында ғана Алғабас ықшамауданында екі оқушыға қаңғыбас ит шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Алматылық келіншек Айман Оспанова ұлына ит шабуылдағанын айтты. Үйсіз жануар жасөспірімнің қолын тістеп алыпты. Көмекке ересектер келген. Бірақ итті ұстау мүмкін болмаған. Қазір оқушы ем қабылдап жатыр.

"Мен жұмыста едім, баламды ит тістеп алғанын білгенде жүрегім аузыма келді. Оны дереу ауруханаға апарып, қолын таңдық. Енді қорқатын болдық", - дейді қала тұрғыны Айман Оспанова.

Реклама
Реклама

Қаңғыбас иттерді ұстау оңай шаруа емес. Жануар адамға қарағанда әлдеқайда жылдам және епті, сондықтан 15 маманнан тұратын топ қаңғыбас жануарларды ұстауға шығады. Иттерді жан-жақтан қоршап, мойнына ілмек салады.

Иттерді ұстау кезінде абай болу керек. Қорыққан жануар тістеп алуы да мүмкін. Бұл ретте "ит аулаушылар" бейшара жануарға зиян тигізбеуі керек. Ұсталған иттер торға салынып, арнайы панаханаға жіберіледі. Егер оларды үш күн ішінде ешкім алып кетпесе, онда жануарлар эвтанизацияға жіберіледі.

"Бүгін 30-ға жуық қаңғыбас итті ұстадық. Тұрғындарға жеке алғыс айтамыз, олар қаңғыбас жануарларды суретке түсіріп, жүрген жерін жалпы чатқа жібереді, біз бірден әрекет етеміз. Айтпақшы, ұсталған жануарды кез келген адам ала алады, тек жануарды егіп, құжат жасау керек", - деді Алғабас ықшамауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілхат Жапақ.

Жалпы, жыл басынан бері мамандар 15 мыңға жуық жануарды ұстаған. Оның екі жарым мыңын қожайындары алып кеткен. Арнайы аулау тобы көшеде жүрген кез келген жануар үйсіз саналып, міндетті түрде арнайы орынға жіберілетінін ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная