Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін?

Фото:depositphotos.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматыда қанша балдық жер сілкінісінің жойқын салдары болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселеге қатысты сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - MСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай қирауы 7 балдан басталады. Сондықтан, Алматыда жер жағдайын ескере отырып, жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті деп санауға болады", - деді ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков Tengrinews.kz сұрағына жауап бере отырып.

Маманның айтуынша, 7 балға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

Реклама
Реклама

"2-3 балдан бастап - бұл ғимараттардың шамалы теңселуі, 4-5 балл - бұл сылақтың бүлінуі және басқа да зақымданулар. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимараттарымызды жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек", - деді Өзбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама