12 қаңтар 2022 | 12:26

Алматыда қанша сауда орталығы, супермаркет пен базар жұмыс істеп тұр?

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото

Қалалық штаб Алматыда қанша сауда орталығы, қоғамдық тамақтану орны, базар, жанар-жағармай құю станциясы, өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қалалық штаб Алматыда қанша сауда орталығы, қоғамдық тамақтану орны, базар, жанар-жағармай құю станциясы, өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Штаб мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 120 ірі және орта супермаркет жұмыс істейді. Тәртіпсіздіктер кезінде ірі сауда желілерінің 31 нысаны зардап шеккен.

"Бүгінде барлық 52 сауда базары жұмыс істейді. Базарлар арасында зардап шеккен нысандар анықталмаған. 220 жанар-жағармай құю станциясының (ЖЖҚБ) 127-сі ашылған. 13 қаңтардан бастап қосымша 33 жеке ЖЖҚБ ашылады деп жоспарланған. Жанар-жағармай құю бекеттерінің 74 нысаны зардап шекті, оның 14-і қалпына келтіріліп, жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бүгін, 12 қаңтарда 8 сауда орталығын ашу жоспарланған. Олар: "Достық плаза", "Мега парк", "Мега Алма-Ата", "Атакент молл", "Март", "Силкуэй сити", "Алатау", "АДК". 17 нысанға қайта жаңғырту жұмыстары жасалады. "Есентай молл", "Форум" сауда орындары қаладағы жағдай тұрақталғаннан кейін ашылады.

Сонымен қатар, бүгінде 3,2 мың қоғамдық тамақтану нысанының 1,5 мыңы жұмыс кестесімен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, 120 кәсіпорынның 82-сі жұмыс істейді. 19 қаңтарға дейін 38 кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 11 қаңтардан бастап алты сауда және ойын-сауық орталығы жұмысын бастайтынын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная