ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2022 | 11:45
Алматыда қаңтар оқиғасын еске алуға арналған пантеон салынады
Алматыда қаңтардағы оқиғаларға арналған пантеон салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда қаңтардағы оқиғаларға арналған пантеон салынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мегаполис басшысының айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік құрбандарын еске алуға арналған пантеон салынады.
"Жақында қаңтар оқиғаларына арналған пантеонның нобайын дайындауға арналған ашық сәулет байқауы жарияланады", - деді Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту жөніндегі қалалық штаб отырысында.
Бұған дейін Сағынтаев Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккен дәрігерлерге, полицейлерге және өртсөндірушілерге 2 миллион теңгеге дейін бөлінетінін хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также